Бүгіннен бастап Алматыда қоғамдық көліктерінде – автобустарда, метрода және троллейбустарда жол жүру ақысы қымбаттады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
21 тамыздан бастап қолма-қол ақшасыз төлеу үшін жол жүру ақысы 100 теңге, қолма-қол төлем үшін 200 теңге болады. Бұған дейін жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлеуге 80 теңге, қолма-қол ақшаға 150 теңге болатын.
Қоғамдық көліктерде кім тегін жүре алады?
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері,
- 75 жастан асқан қарт адамдар
- Бірінші, екінші топтағы мүгедектер және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған адамдар,
- басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері,
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар.
- 15 жастан асқан жалпы білім беретін мектептердің оқушылары,
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері,
- Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттері,
- жас бойынша зейнеткерлер
- көп балалы аналар,
- Он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларды алып жүретін адамдар.