Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі. 5 әскери қызметкер жұмыстан қуылды

1665
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/88c82cb5-15cc-4990-b685-96339d9ce077.jpeg
Жамбыл облысында 18 жастағы Бекбол Мираштың өз-өзіне қол жұмсауынан кейін бес офицер қызметінен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҰҚК Тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары - Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полковник Ерік Беріков мәлім етті. «Өкінішке қарай, бізде мұндай фактілер орын алды. Бұған дейін біз әскери қызметкеріміздің өліміне қатысты мәселені талқылаған болатынбыз. Әрбір оқиға жан-жақты тексерілуде. Кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Соңғы жағдайда бес әскери қызметкер қызметінен босатылып, біреуі шенінен төмендетілді», - деді Беріков.
Комментарии