Home » Айдарлар » Саясат » Зеленский президент ретінде алға қойған бірінші мақсатын атады

Зеленский президент ретінде алға қойған бірінші мақсатын атады

Владимир Зеленский президент сайлауының бастапқы нәтижесін естіген соң қатты қуанып, жеңімпаз ретінде мәлімдеме жасады

Бастапқы нәтижелер бойынша Украинаның президент сайлауында жеңіске жеткен Владимир Зеленский өзіне қолдау білдірген халыққа үндеу жасады.

Сайлаудың екінші турының бастапқы нәтижесі шыққан соң Владимир Зеленский қуанғаннан секіріп, әйелі Еленаны сүйді және өз командасы өкілдерімен қол алысты.

“Біз бұған бірге қол жеткіздік”, – деді Зеленский өз кандидаттық штабындағыларға.

Владимир Зеленский жақтастары мен өзіне дауыс берген украиналықтарға алғыс айтты.

Владимир Зеленскийдің өмірбаяны: балалық шағы, білімі, шығармашылығы, отбасы

“Бұл жауапты жұмысты сіздер атқардыңыздар, мен емес. Біз бұған бірге қол жеткіздік. Ең басты жетістігіміз – Украинаны, өмірімізді, халқымызды біріктірдік”, – деп мәлімдеді Зеленский видеоүндеуінде.

“Бірінші мақсат”
Сонымен қатар Зеленский Украина президенті ретінде алға қойған “бірінші мақсатын” атады. Ол Ресейде қамауға алынған украин теңізшілерін Украинаға қайтаруды көздейді.

Владимир Зеленскийдің президент сайлауына түсетіні туралы мәлімдемесі – видео

Бұдан бөлек, Зеленский “Минск процесі туралы” айтты.

“Біз қалай болғанда да нормандтық форматта әрекет ететін боламыз, Минск процесін жалғастырып, қайта бастаймыз. Бізде кадрлық ауысулар болады деп ойлаймын”, – деді Зеленский экзит-полл нәтижесі шыққаннан кейінгі баспасөз мәслихатында.

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

37 ел Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдады, арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар

37  елдің өкілі БҰҰ-на бірігіп хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеген. Хатқа қол қойғандар ...