Түркістанда әйел жоғалып кеткен күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

3023
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында әйел жоғалып кеткен күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«12 тамыз күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді»,—делінген хабарламада.

Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қайғылы жағдай болған отбасы Ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен "Кісі өлтіру" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер