Қаңтарда Назарбаев ескертішінің құлағанын түсірген журналист қамауға алынды — БАҚ

12304
Adyrna.kz Telegram

Қаңтарда Назарбаев ескертішінің құлағанын түсірген журналист Сандуғаш Дүйсенова уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Ақпаратты бұл жағдаймен таныс дереккөз растаған.

Egov.press Telegram-арнасының жазуынша, журналисті Талдықорған полициясының қызметкерлері ұстаған. Алдын-ала мәліметтер бойынша ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша қамауға алынған болуы мүмкін.

Айта кетейік, Сандуғаш Дүйсенова Жетісу мен Алматы облыстарында әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген журналист ретінде кеңінен танымал. Оның Қаңтар оқиғасы кезінде экс-президент Нұсұлтан Назарбаевтың демонстранттар тұғырынан құлатқан ескерткішін түсірген суреті кең таралған еді. Бұл туынды үшін журналист MediaCAMP Award 2022 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер