Басынан үш рет оқ атқан. Эквадорда президенттікке үміткер сайлау алды шеруде қаза тапты

2196
Adyrna.kz Telegram
Фото: Wikimedia Commons
Фото: Wikimedia Commons

Эквадорлық саясаткер және президенттікке үміткер Фернандо Вильявисенсионы сайлауалды митингі кезінде атып өлтірілді. Оның артында әйелі мен бес баласы қалды. Бұл туралы euronews жариялады, деп хабарлайды “Адыона” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, Вильявисенсио жемқорлықты жоюға уәде берген. Алайда, оған бірнеше рет күш көрсетіп, қорқытқандар болған.

Эквадорда президенттікке үміткер Фернандо Вильявисенсионың өлтірілуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Саясаткерді ел астанасы Китода үгіт-насихат жиынынан шығып бара жатқанда атып өлтірген.

Белгісіз біреулер оның басына үш рет оқ атқан. Ода бөлек? жақын маңдағы адамдарға да оқ атқан. Барлығы тоғыз адам зардап шекті.

Оқиға орнында Вильявисенсионы емханаға жеткізген. Дегенмен, дәрігерлер оның қаза тапқанын хабарлаған.

Полиция саясаткерді өлтірді деген екі күдіктіні ұстады. Қылмысқа қатысы бар қалған адамдарды іздеу жалғасуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер