Ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Иракта Telegram қосымшасы бұғатталды

2097
Adyrna.kz Telegram

Ирак мемлекеті Telegram қосымшасын бұғаттады. Елдің байланыс министрлігі ұлттық қауіпсіздікке байланысты мұндай қадамға барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ирак билігі аталған қосымша деректерді өңдеу тұтастығын бұзатынын, бұл заңға қайшы екенін анықтады. Бұған дейін Ирак БАҚ-ы жеке деректердің ірі базасы сақталған, оның ішінде ел тұрғындарының аттары, мекенжайлары мен туыстық қатынастары бар Telegram арналардың танымал екенін хабарлаған.

«Telegram-ды бұғаттау туралы шешім ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары органдардың директивасына сәйкес және азаматтардың жеке деректерін қорғау мақсатында қабылданды», - деді министрлік.

Сонымен қатар, министрлік тиісті мемлекеттік мекемелер бірнеше рет Telegram қосымшасын басқаратын компанияға хат жолдап, мемлекеттік мекемелердің ресми мәліметтері мен азаматтардың жеке деректерінің жария болып кетуіне әкелетін платформаларды жабуда серіктес болуды ұсынғанын айтады. Бірақ, компания бұл мәселелердің ешқайсысына жауап бермеген және орындамаған.

Мессенджер жексенбі күні түсте бұғатталып, Бағдад тұрғындары жаңа хабарламаларды аша алмаған. Бірақ, VPN арқылы қосылатын қолданушылар қосымшаны бұрынғыша пайдаланып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер