Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

2936
Adyrna.kz Telegram

Алматы маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Алматы қаласының ТЖ департаментінің хабарлауынша, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 6 тамыз күні  20:29-да байқалған. Магнитудасы - 4.2. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Алматы мен Алма-Арасан шатқалында сезіну 2 баллды құрады. Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінен кейін 112 желісі бойынша азаматтардан бірде-бір қоңырау болмағанын айтады. Сондай-ақ зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

Жер сілкінісі орын алған сәтте қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс. Үйде болған жағдайда газ, су, электр жүйелерін сөндіріңіз. Биік ғимараттардан аулақ әрі ашық жерді паналаңыз. Электр сымдары және өзге де қауіп тудыратын заттардан абай болыңыз!

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер