Іздеу салынады. Шымкентте үш күннен бері 18 жастағы бойжеткен табылмай жатыр

4095
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/d347a824-13b7-4c23-9976-ee53c4a932b0.jpeg

18 жастағы Шымкент тұрғыны іздестіріліп жатыр. 5 тамызда Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 2004 жылғы Аида Әбілданың ағасының айтуынша, ол 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қыздың жүрген жерін анықтау

үшін Шымкент қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Айта кетейік, Аида — Долана-Бұлақ колледжінің 1-курс студенті. Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ).

Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуына болады.

Комментарии