Жазғы универсиада. Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті

5574
Adyrna.kz Telegram
Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими мен Нариман Құрбанов «күміс» жүлдегер атанды, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы.

5 тамызда спорттық гимнастикадан ел құрамасы қоржынына екі күміс медаль түсті.

Алдымен Милад Карими спорттық гимнастикадан еркін жаттығу бойынша ерлер арасында 14.300 баллмен екінші орын алды.

Бірінші орын Кае Кадзумеге бұйырса (14.333), үшінші орынды оңтүстік кеорялық Рю Сонхён (13.900) алды.

Тағы бір күміс медальге Нариман Құрбанов қол жеткізді. Көрсеткіші - 15.266 балл.

Бірінші орынды Қытайлық Тайбэйден келген Ли Чин-кай алса, үшінші орынға сол елдің өкілі Шяо Ю Цзян (14.933) қол жеткізді.

Қазірге дейін Қазақстан құрамасы қоржынында бір «алтын», жеті «күміс,» сегіз «қола» медаль бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер