Мұнайшылар тағы алаңдаулы. Маңғыстаудағы «Өзенмұнайгаз» өз жұмысын тоқтатты

2780
Adyrna.kz Telegram

Электр қуатының берілмеуіне байланысты "Өзенмұнайғаздағы" 3 мыңнан астам кеніш пен пласт қысымын қамтамасыз етуші құрылғылар жұмысы тоқтады, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұнайшылар бұл жағдайдың бірінші кезекте жалақыға әсер етуі мүмкін екенін айтып,  алаңдатып отыр.

Болған жағдайға байланысты компания өкілдері пікір білдірді.

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы өкілдерінің хабарлауынша, жұмыс 4-ші тамыздан бастап тоқтады. Басты себеп – электр қуатының жетіспеушілігі. Жұмыс тоқтаса, келесі айда жалықымызға әсер етеді деп жұмысшылар алаңдап отыр".

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өкілдері Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының жұмысында да қиындықтар бар екенін айтты.

3 шілде күні автоматты жиілік жеңілдеткіші іске қосылып, насос станциясының 30 құрылғысының жұмысы тоқтады.

Энергия таратушы ұйымның электр қуатына шектеу енгізілді. Барлығы 3784 өндіруші кеніш пен пласт қысымын қолдаушы 36 құрылғының жұмысы тоқтатылды.

Еске сала кетейік,бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының арнайы тобы «Өзенмұнайгаз» компаниясына тексеру жүргізген еді. Тексеріс барысында «Өзенмұнайгаздың» қаржы-шаруашылық қызметінде 160 заң бұзушылық анықталғанын жазған едік.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер