210 адамнан тұрады. Астанаға Ауғанстан делегациясы келді

2751
Adyrna.kz Telegram
Фото: ukimet.kz
Фото: ukimet.kz

Астанаға 2 тамыз күні Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, делегацияны әуежайда премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күтіп алды.

2 тамызда Қазақстан және Ауғанстан компанияларының презентациялары, B2B келіссөздері өтті.

Ал 3 тамызда бизнес-форум жұмысын бастайды, ал 4 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына ауған тауарларының көрмесі (EXPO, Конгресс-орталық) ашылады.

Сондай-ақ, көрмеде Ауғанстаннан түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар және басқа да көптеген тауарлар ұсынылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер