«АлматыЭлектроТранс» компаниясының бұрынғы бас директоры бес жылға бас бостандығынан айырылды

2482
Adyrna.kz Telegram

«АлматыЭлектроТранс» компаниясының бұрынғы бас директоры Бекмырза Игенбердинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Игенбердинов Бекмырза Қайыргелдіұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі, 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша бес жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Онымен қоса оған мемлекеттік қызметте, судьяларда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік органдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу үкімі жарияланды», - делінген сот үкімінде.

Игенбердиновке 160 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айып тағылды.

Еске салайық, 2022 жылдың 10 қазанында Бекмырза Игенбердинов 2022 жылдың 30 қарашасына дейін қамауға алынған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер