Марғұлан Сейсембай: "Арнайы инвестициялық-білім беру қорларын құрамын"

2592
Adyrna.kz Telegram

Достар,
маған көптеген бизнесмендер инвестициялар жөнінде кептеген сұрақ жолдайты. Менің түсінгенім бойынша, қоғам инвестициялық білімге зәру, бізде инвестициялау мәдениет жоқ. Қайда инвестиция жасау, оны қалай жасау, тәуекелді басқару, оны қадағалау, тағы да толып жатқан сұрақтар. Оның бәріне теоретикалық түрде жауап берсең де, адамның басына қонбайды. Практикалық білім қажет. Содан менде мынадай идея туды.
Қоғамымыздың инвестициялық білімін практикалық түрде көтеру үшін, мен арнайы инвестициялық-білім беру қорларының тобын құрамын. Бұл қорларға адамдар өздерінің қаражаттарын әкеліп менімен бірге, бәріміз ақылдасып, проектілерді зерттеп, талқылап, инвестицияларды қайда жасайтынымызды шешеміз. Бұндай жұмыс барысында, адамдар меннен ойлау тәсілдерін үйренеді, тәуекелді басқаруды үйренеді, және практикалық түрде пайда таба алады. Инвестициялық қорлардың төрт түрі болады.
1. Бірінші деңгей.
Білім беру қоры.
Минималдық инвестиция 1000$
максималдық 10 000$.
2. Екінші деңгей. Білім беру-инвестициялық қор. Минималдық 10 000$, максималдық 100 000$.
3. Үшінші деңгей. Инвестициялық-білім беру қоры.
Минималдық - 100 000$,
Максималдық - 1 000 000$.
4. Төртінші деңгей.
Инвестициялық қор.
Минималдық -1 000000$,
Максималдық - 10 000 000

Бұл жобаны мен мамыр айынан бастаймын. Менің постыларымды жібермей оқыңыз.

Марғұлан Сейсембайдың Фейсбук парақшасынан

Пікірлер