Қарағанды техникалық университетінің студенттері жыл соңына дейін "70 игі іс" жасайды

1383
Adyrna.kz Telegram
gov.kz
gov.kz

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері ЖОО-ның 70 жылдығына орай "70 игі іс" акциясын өткізуде.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері ЖОО-ның 70 жылдығына орай "70 игі іс" акциясын өткізуде.

"Жас Орда" жастар қауымдастығының белсенділері осыған дейін де бірнеше игі іс жасаған. Мәселен, "Мектепке жол" акциясын қолдай отырып, мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға мектеп киімдері мен кеңсе керек-жарақтарының 160 жиынтығын сатып алуға көмектесті. Студенттік ұйымда екі маңызды бағыт бар – ЖОО-да 18 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан "Ақниет" қайырымдылық бірлестігі және 2019 жылы құрылған еріктілер штабы.

– Біздің университетте студенттер жүйелі негізде еріктілікпен айналысады, – дейді университеттің жастар саясаты департаментінің директоры Рустам Бузяков. – Жасордалықтар балалар үйлері мен қарттар үйлеріне, аз қамтылған отбасылар мен ардагерлерге әрдайым барып тұрады. Бұл ретте еш шара сыйлықтарсыз немесе азық-түлік жиынтықтарынсыз, сондай-ақ студенттердің орындауындағы концерттік нөмірлерсіз аяқталмайды. Біздің студенттер қамқорлығындағы әр баланы аталар мен әжелерді жақсы біледі. Ал олар өз тарапынан жаңалықтармен бөлісу және жағымды әсерлерімен қуанту үшін жастардың келуін асыға күтеді.

Сондай-ақ студенттер ауыр науқастарды қолдау үшін бірқатар қайырымдылық акцияларын өткізді. Қаражат жинау үшін футбол, волейбол турнирлері, жәрмеңкелер мен концерттер, cондай-ақ қан тапсыру акциялары ұйымдастырылды.

Белсенділер экологиялық волонтерлікке көп көңіл бөледі: Бұқпа өзенінің арнасын, саябақтар мен гүлзарларды тазалап, қаланың жалғызбасты қарт тұрғындарының аулаларын қоқыс пен қардан тазартты.

Университет студенттерінің, оқытушыларының және түлектерінің жалпы күш-жігерінің арқасында жаңа жыл қарсаңында 300-ден астам баланың тілектері орындалды.

Сонымен қатар, студенттер біздің елде де, одан тыс жерлерде де болған төтенше оқиғалардан тыс қалмады. Түркия азаматтарына, Қостанай және Екібастұз тұрғындарына өрт және табиғи апаттар салдарынан зардап шеккендерге киім, азық-түлік, дәрі-дәрмек және жеке гигиена құралдарын жинауды ұйымдастырды.

Пікірлер