“Саяхаттаңыз, достар!”. 73 жастағы ақсақал жер шарын аралауға ниетті

1219
Adyrna.kz Telegram

Ұлытаулық ақсақал жер шарын жаяу аралауды әдетке айналдырған, деп хабарлайды “Адырна”.

Әлеуметтік желіде “ulytaumen” есімімен танылған Сәрсенбай Қотырашев әлемді аралап, Қазақстанды танытып жүр. Ол 72 жасында бүкіл Қазақстанды аралап шыққан. Жақында ол тағы саяхтаны бастамақ. Инста парақшасында:

Мен қайтадан байланыстамын достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатқа шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асығудамын. Ештен кеш жақсы демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім. Соған байланысты, кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен, мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет,-деп жазба жариялады.

73 жасқа келген ақсақал жиі саяхаттауға кеңес береді.

Пікірлер
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket