Өгей қыздарына көрсетпеген қорлығы жоқ

1714
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік журналист Әсет Әссәнди кеше өзінің Фейсбук парақшасында Жетісайдағы сұмдық оқиға туралы пост жариялаған болатын.

"Апалы-сіңлілі: 2003 жылғы Салима, 2005 жылғы Мәншүк, 2007 жылғы Милана. Бұл қаракөздеріміздің көрмеген қорлығы қалмапты. Өгей аналары, 1991 жылғы Көбеева Жұлдыз фашистерден де асып түскен сияқты. Кәмелет жасына толмаған қыздардың тырнақтарының астына қайта-қайта ине тығып, жылайын десе, ұрып-соғып "күліп тұр" деп, жандарына батып тұрса да, езулерін тартқызып, тоңазытқышқа бірталай уақыт отырғызып қинап, қайшымен денелеріне жарақат салып, шайларына гель қосып беріп ішкізіп, тіпті жыныстық мүшелерін кемпірауызбен қысып, жарақат салып жүрген екен. Бұл қыздардың көрген азаптары адам айтқысыз. Айдың-күннің аманында осындай жағдайды "жабулы қазан жабулы" етіп қалдыруға ұмтылған Жетісай Ауданы басшыларының, құзырлы мекемелерінің не бала-шағалары, не жүректері жоқ деп қаласың осындайда! Бес күннен бері ауруханада жатқан қыздардың жағдайын жергілікті жердің атқамінерлері тіпті сұрамаған да! Ал, көмек беру туралы мүлдем әңгіме жоқ! Иә, бір адамның жауыздығына мың адам жауапсыздығымен жауап беріп жүргеніне еріксіз қайран қаласың! Жетісайдан табылмаған арашаны Түркістан Облысының басшылары, заң орындарынан, денсаулық сақтау басқармасынан сұраймыз! Қаракөздерімізді жылатуға жол бермейік! Және әлгі өгей шешелерін қатаң жазаға тартайық"- деп жазады Әсет Әссанди.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Істі танымал заңгер Айгүл Орынбек өз бақылауына алды. “Қылмыстық іс сәуірдің 11 күні анықталды. Үлкен қызы мектепке беті жараланып келген. Оны байқаған мұғалім мектеп директорына айтқан. Директор қыздың сол мектепте оқитын сіңілілерін де тексертеді. Кішкентай қыздардың денесінің көгергендігі анықталған соң, мектеп директоры бірден білім бөлімі басшылығына хабар жеткізеді. Ал олар тиісінше прокуратура мен полиция қызметкерлеріне ақпарат беріп, мобильдік топ құрады. Қыздарды ата-аналарынан оқшаулауды ұйымдастырды”-деді заңгер Айгүл Орынбек.

Айгүлдің айтуынша,  ауданда құзырлы органдар мен психологтардан құралған мобилді топ құрылып, қыздармен жұмыс істеп жатыр. Өгей ана қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған.

Түркістан Облысының Полиция Департаменті ресми түрде жауап берді. "Әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралып, Жетісай ауданындағы бір отбасында орын алған өгей анасының қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақаттарын салу арқылы зорлық көрсеткен жайты құзырлы органдармен анықталған. Бұл жайт Жетісай АПБ-де тіркелді. ҚР ҚК 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге шектеу шарасы қолданылады. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған. Бұл жайт Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің және облыс прокурорының бақылауында".

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер