ШҚО-да ормандарға кіруге тыйым салынды

2133
Adyrna.kz Telegram
Фото: drogichin.by
Фото: drogichin.by

Шығыс Қазақстан облысындағы үш бірдей елді мекеннің тұрғындарына орманға кіруге уақытша тыйым салынды. Бұл туралы ШҚО мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Азамат Құмарбеков айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ерекше өртке қарсы режимі қолданылу кезінде орман қорында азаматтарымыздың болуына тыйым салынады. Және де ашық от қолдануға, от жағуға тиым салынады. Құрғақ шөптің жануына жол бермеңіздер. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске түсіреміз, – деді ШҚО мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Азамат Құмарбеков.

Қуаңшылыққа байланысты Қатон-Қарағай, Самар және Күршім аудандарында өрт қаупінің ең жоғары – төртінші және бесінші деңгейі жарияланған. Катон-Қарағай ұлттық паркі мен Үлкен Нарын орман шаруашылығында төрт бақылау бекеті орнатылды. Құтқарушылар 46 жедел топқа бөлініп, тоғайларды аралауға шықты. 

Сондай-ақ, рейд кезінде от жағып, табиғат аясында жүру ережесін бұзған 55 турист әкімшілік жауапқа тартылды. Жалпы биыл еліміздің шығысында ірі 50 орман өрті тіркелді. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер