Путин қайтыс болса, біз көңіл айтпаймыз - Ирландия премьер-министрі

2271
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sky News
Фото: Sky News

Ирландияның премьер-министрі Лео Варадкар Путин қайтыс болса, ел үкіметі көңіл білдірмейтінін және оның жерлеу рәсіміне делегация жібермейтінін айтты. Бұл туралы The Independent жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресми өкілдің айтуынша, Ресейдің Украинаға агрессиясы Ирландия қоғамына зиянын тигізді. Ирландия Ресей Федерациясына қарсы барлық санкцияларға қосылды, Украинадан көптеген босқындарды қабылдады.

Премьер-министр Варадкар Ирландия Украинаны «қажет болғанша» қолдайтынына сендірді.

Ол сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыстан бастап Ирландия бейтараптық жариялаған кезден бастап, ел бұл принциптерді қатаң ұстанғанын атап өтті.

Сонымен қатср, Адольф Гитлер қайтыс болғаннан кейін сол кезде Сыртқы істер министрі қызметін атқарған Эймон Де Валера неміс елшісіне көңіл айтты. Сол жылдары бұл әлемдік қоғамдастықтың теріс реакциясын тудырды. Қазіргі премьер-министр ел президенті Владимир Путин қайтыс болғанда Ресей Федерациясына көңіл айтпайтынын атап өтті.

Ирландия үкіметі де НАТО-ға кіру мүмкіндігін қарастыруда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер