Туған жерге туың тік!

1973
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант аясында «Туған жер» атты жастардың патриоттық шығармашылығын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға кірісті.
Жобаның мақсаты – Жастарды туған жерінің патриоты болуға баулып, оған кіршіксіз қызмет етуге шақыру.
Жоба аясында «Адырна» ұйымы республикалық деңгейде үздік мақала (эссе, әңгіме), үздік поэзия, үздік бейнелеу өнері бойынша шығармашылық байқаулар өткізеді. Сонымен бірге Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарындағы өзге ұлт өкілдері арасында «Туған жерім – Қазақстаным» атты поэзиялық байқау ұйымдастырады. Барлық байқаулардың жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Жобаны жүзеге асыру 2019 жылдың наурыз-қараша айлары аралығына өтеді. Байқаудың барысы туралы алдағы уақытта егжей-тегжейлі жазылатын болады.

Пікірлер