Дрондар шабуылы. Мәскеуге дронды “Киев жіберген”

1967
Adyrna.kz Telegram

Мәскеуге дрондар шабуыл жасады, деп хабарлайды “Адырна” rbc.ua-ға сілтеп.

Дрондардың бірі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанына құлады. Әскери департамент екі ұшқышсыз ұшақ болғанын айтып, шабуылға украин әскерилерін айыптап отыр.

 24 шілдеде таңғы 4-тегі шабуылды қала мэрі Сергей Собянин хабарлады. Ресей қорғаныс министрлігі қалаға шабуылдаған екі дронды «Киев жіберді» деп мәлімдеді.

"Бүгін таңғы сағат төрттер шамасында екі тұрғын емес ғимаратқа ұшқышсыз ұшақтардың соққысы тіркелді. Ешқандай ауыр зардаптар мен зардап шеккендер жоқ", - деп жазды Собянин.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде  Мәскеудегі көпқабатты үйлерден шыққан түтін мен қала үстінде ұшып бара жатқан ұшақ бейнеленген видеолар жариялануда.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украина әскерилері екі ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен «Мәскеу аумағындағы нысандарға» соққы жасамақ болғанын хабарлады. Ведомство «электрондық соғыстың көмегімен екі украиндық ұшқышсыз ұшу аппараты жойылып, құлады» деп мәлімдейді. Абырой болғанда соққыдан зардап шеккендер жоқ.

Украина әскерилері ұшқышсыз ұшақтың шабуылына қатысты пікір білдірмеді. Мәскеуде екі ұшқышсыз ұшатын аппарат құлаған жерде – Комсомольский және Лихачев даңғылында көлік қозғалысы жабылды.

Пікірлер