Алматыда жалған 100 долларлық купюраларды сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыда бір топ азамат криптовалюта аламыз деген желеумен жалпы сомасы 20 300 доллар болатын жалған 100 долларлық купюраларды сатпақ болған. Сақтау және сатуға әрекет жасау фактісін АФМ департаментінің қызметкерлері анықтап, сатушылардың жолын кескен.
Азаматтардың көлік құралын тексеру барысында бірінен 3 дана сомасында 100 АҚШ доллары көлеміндегі жалған қолма-қол ақша табылып, тәркіленіп отыр.
Маманның сөзінше, 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 600 АҚШ долларын құрайтын 100 АҚШ доллары банкноттары зерттеуге ұсынылған. АҚШ Федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді.
Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы қолданылған.