Жүз шақты мұсылманнан тұратын топ Швецияның Бағдадтағы елшілігіне шабуыл жасап, оны өткен түні өртеп жіберді. БАҚ-та радикалды бағытты ұстанатын Муктада ас-Садр жақтастарының ғимараты өртегені айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Олар мұндай әрекет арқылы Стокгольмде Құранның тағы бір рет өртенуіне наразылық білдіріп отыр. Олардың от қойып, жалын тұтатуды көздеген шабуылына Швецияның шешімі әсер еткен.
Естеріңізге сала кетейік, Швеция үкіметі Құранды көпшілік алдында өртеуге рұқсат берді.
Бұл осы айдағы екінші рұқсат болатын.
Наразылық білдірушілер Муктада Садра ғимаратының алдында жиналды. Демонстранттар елшілікке түнгі сағат бір шамасында барып, "Құран десе, "Иә" делік!» деп ұрандатқан.
Швецияның Сыртқы істер министрлігі қызметкерлердің ешқайсысы зардап шекпегенін хабарлады. Ғимаратты бұлай өртеу - Вена конвенциясын бұзу деп айыптады.
Тергеу істері жалғасып жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы