Қытай сайттары қазақ қыздарын талқылап жатыр

1869

Немістер Сәвет Одағына басып кірген алғашқы жылдары біраз қыз-келіншек тұтқынға түсіп қалады. Нацистер оларды Германияға айдап әкетеді де, ол жақта әлгілерді дәрігерлер қарап шығып, қаты таң қалады. Сөйтсе, қолға түскен қыз-келіншектің 80 пайызы (келіншектерден басқасы) «қыз» болып шығыпты! Сол кезде рейхтағы шенділердің біреуі қыздарды қарап жүріп, олардың қасына келіпті де, бүй депті: «Мұндай халықты жеңу өте қиын!»...

«Қыздығымды сатамын!» деп бүкіл әлемге жар салып, Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасына түскен қарындасымызды қазір қытай сайттары сұмдық талқылап жатыр екен. Біз қытайдан да асып түсіппіз! Осындағы бір бауырымнан қытайлар «Қазақстанда шынымен осындай ма?» деп сұрапты. Басқасын айтпай-ақ қояйық, қытайдың сайттары дәл осы жаңалықты жерден жеті қоян тапқандай қылып беріп жатыр екен. Оның астарында – «қазақ әбден азғындап біткен халық екен» дейтін бір емеурін, тұспал жатқан сияқты. Мұндай халықты басып алу да оңай. Осыны әдейі заказбен шығарған секілді. Заказ болмаса да, бұл - журналистиканың арзан, азғын тақырыпқа әуес болып кеткенін көрсетеді!

Жолымбет Мәкіш

Пікірлер