"Южная" стансасындағы жол монтері ("Богатырь" бөлімі) жүмыс істеп жүріп биіктен құлап кетті. Бұл ақпаратты облыстың Денсаулық сақтау басқармасы растап нақтылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ведомствоның мәліметінше, 1974 жылы туған ер адам 18 шілдеде жұмыс орнынан қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген.
Ер адам шамамен, 5 метр биіктен құлаған. Науқастың шұғыл түрде бас миын, кеуде қуысын, жамбасын кешенді томографиядан өткізген.
Ол кезекші реаниматологтар мен кезекші травматологтың бірлескен тексеруінен кейін реанимация бөлімшесіне жатқызылды.
Жағдайы туралы ақпарат тек жақын туыстарына беріледі, - деді медициналық мекемедегілер.
Сондай-ақ, өңірдің Еңбек басқармасы жазатайым оқиғаға байланысты тергеу тағайындады.