Қазақстан Байқоңырды жалдау мерзімін қайта қарауға қатысты түсініктеме берді

1861
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан "Байқоңыр" кешені бойынша Ресеймен жасалған халықаралық келісімдерді сақтайды, деп атап өтті салалық министрлік

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағын біріктіретін "Байқоңыр" кешенін жалға беруді тоқтату мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді.

Министрлік "Қазақстан тарапы "Байқоңыр" кешені, соның ішінде кешенді жалдау мерзімі бойынша Ресей Федерациясымен жасалған халықаралық келісімдерді сақтайтынын мәлімдеді.

Ведомство "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану туралы мемлекетаралық келісімге сәйкес (2004 жылдың 9 қаңтарында жасалған) "Байқоңыр" кешенін Ресейге жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылғанын еске салды.

Сонымен қатар министрлік сенаторлар көтерген Байқоңыр қаласын дамыту мәселесі жақында "Байқоңыр" кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында қаралатынын атап өтті.

Бұған дейін цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш вице-министрі Марат Нұрғожин тараптар Байқоңыр қаласын жалға беруден шығару мәселесін талқылайды деп хабарлаған еді.

Sputnik

Пікірлер