Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Үкімет қаулысымен Амангалий Бисенбайұлы Бердалин ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды»,—делінген хабарламада.
Амангалий Бердалин 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы құрылысшы болып бастаған.
1989-1994 жж. – Ақтөбе облысы Г. Шевченко атындағы кеңшардың аға мал дәрігері, бас мал дәрігері.
1994-2011 жж. – Г. Шевченко атындағы кеңшарда «Қарабұтақ» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы, «Қарабұтақ» ЖШС-нің директоры
2011-2012 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімі орынбасарының м.а., әкімі.
2012-2016 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі.
2016-2019 жж. – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі.
2019-2021 жж. – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды.