Алматы облысында жауын-шашын салдарынан тас жолды су шайып кетті

2485
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Желіде Алматы облысында жаңбыр салдарынан республикалық тас жолдың бір бөлігін су басып қалған видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

5 шілдеде Ұйғыр ауданында нөсер жауын салдарынан Алматы – Көкпек – Көктал тас жолының 216-220 шақырымында ағын су жүріп өтті.

Куәгерлер жариялаған видеожазбаларда жүргізушілердің жолдан қалай өте алмайтұрғанын көруге болады. 

Құбырлы өткелден су ағыны жүрді. Соның салдарынан жолға лай жиналды, оның көлемі шамамен 70 текше метрді құрады. "Қазақавтожол" ұлттық компаниясының қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен тазарту жұмыстарын жүргізді. Қайтыс болғандар, зардап шеккендер мен қирандылар жоқ, - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомстводағылар қазір жолдың ашық екенін және көлік қозғалысы қалыпты режимде жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер