Бизнесім жүріп кетсе 21 мың теңгені ала-алмай қалмаймын ба?

337

Халықпен жұмыс істеп жүрміз. Мемлекеттен ел азаматтарының өз кәсіптерін бастауға түрлі гранттар бөлініп жатыр. Қазіргі таңда көпбалалы аналарға деп кәсібін бастауға алғашқы көмек ретінде 500 мың теңге грант беру мәселесі өкімет қарауында. Ел болғаннан кейін неше түрлі азаматтар келіп жатады. Бүгінгі болған диалог:

- Мен көп балалы анамын. 500 мың теңге грантты алып кәсібімді бастағым келеді.
- Жақсы. Бизнес жоспарыңызды жазуға көмектесіп, оқытамыз. Ары қарай да кәсібіңізді сүйемелдеп, аяқтан тұрып кеткенше көмектесеміз.
- Не ғой, ертең ол бизнес жүріп кетсе, табысым көбейіп кетіп 21000 теңгені ала алмай қалмаймын ба?..
- Табысыңыз көбейіп жатса қуанбайсыз ба? Өкіметке алақан жая бермей, өз кәсібіңізді өзіңіз дөңгелетіп, байып жатсаңыз 21 мыңды қайтесіз?
- Грантты алып кәсібім жүрмей жатыр деп табысымды төмен қылып көрсетіп, мына жақтан 21 мың теңгені де ала беретін жолдары жоқ па?..
- ......................

P.S. Әлі грантты алмай жатып, ертең байып кетсем табысымды азайтып, өкіметке жалған ақпарат беріп, мына жақтан 21 мың теңгені де ала бергісі келіп тұр ғой вообщем. Әңгімесінің төркіні кәсіп ашып, еңбек етіп байығаннан көрі 21 мың теңгені алып, комфортный зонада отыра бергісі келеді. Вот, менталитет! Енді осындай xалықпен жұмыс істеп, санасын өзгертіп, дамыған 30 елдің қатарына кіретін экономика құрып көр

Бауыржан Серікбаев

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер