Қонаев қаласында патриотизмді арттыру мақсатында екі кадет сыныбы ашылды

1318
Adyrna.kz Telegram
www.gov.kz
www.gov.kz

Патриоттық тәрбие - бұл жас азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін, азаматтық борышын және Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын қалыптастыру бойынша жүйелі және мақсатты қызмет. Азаматтыққа тәрбиелеу жеке тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын, азаматтық өзін-өзі анықтауды, ішкі бостандық туралы хабардар болуды және өзінің саяси және моральдық таңдауы үшін жауапкершілікті қалыптастыруды қамтиды.
Азаматтық қорғау органдарын жандандыру және танымал ету және патриотизмді арттыру мақсатында 2023 жылғы 14 шілдеде Қонаев қаласында Алтынсарин атындағы №1 орта мектепте азаматтық-патриоттық борышын тәрбиелеу мақсатында екі кадет сыныбы ашылды. 5 және 6 сынып курсанттарының салтанатты анты өткізілді.
Салтанатты іс-шараны өткізу барысында Алматы облысы ТЖД "ӨМ және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағының авариялық-құтқару құралдарының, сүңгуірлік жабдықтарының және құтқару құралдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Естеріңізге салсақ, Алматы облысы ТЖД осындай үш сыныбы Іле ауданында және Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Астанадағы көпқабатты үйде өрт кезінде бірнеше адамның өмірін сақтап өз өмірін құрбан еткен Асқар Забикулин атындағы "Жас өрт сөндірушілер" әскери-патриоттық клубы ашылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер