Алматы облысында жәрмеңкеде 70 адам тұрақты жұмысқа тұрды

1098
Adyrna.kz Telegram
www.gov.kz
www.gov.kz

Алматы облысының Іле ауданында жұмыссыз, пробация қызметінде есепте тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді және мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге Халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту бөлімі, аудандық прокуратура, жастар ресурстар орталығы, сот орындаушылар, пробация қызметі және Іле ауданындағы жұмыс берушілері мен жұмыссыз азаматтар қатысты.

Жәрмеңкеде Іле ауданы бойынша 18 жұмыс беруші мекеме қатысты. «Pure Pack» ЖШС, «Медиатекс-Н» ЖШС, «Galanz Bottlers» АҚ, «Алель-Агро» АҚ, «Aluminium Of Kazakhstan (Алюминиум оф Казахстан)» ЖШС, «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, «Ақ Сүт» ЖШС және жұмыс берушілер тарапынан 800-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.

Пікірлер