Стокгольмдегі Gröna Lund ойын-сауық саябағында Jetline аттракционы рельстен шығып кетті. Бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақат алды, деп жазады "Адырна".
Стокгольмдегі Грона Лунд саябағында аттракционда болған оқиғадан бір адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды. Аттракцион рельстен шығып, адамдар аттракционнан ұшып, жерге құлады.
Марқұм әйел 35 жаста еді. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр.
Осыдан кейін саябақ белгісіз мерзімге жабылды. Оқиға орнына жедел жәрдем, құтқарушылар мен тікұшақ келді.
Gröna Lund саябағында қайғылы оқиға орын алған Jetline әткеншегі 90 км/сағ жылдамдықпен жүре алатыны аталды. Оның биіктігі 30 метрді құрайды және жыл сайын оған миллион келушілер мінеді.
Видео: https://www.instagram.com/reel/Ct8fDyVAplW/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==