Әдемі әуендер әуеледі

1215
Adyrna.kz Telegram

Ахмедия Есмұханов әрі әнші, әрі композитор еді. Ақындығы да бар болатын. Өткен ғасыр­­дың 70-жылдарында Жезқазғанда құрылған «Қаракөз» ансамблінің белді мүшесінің әдемі әндері халыққа кеңінен танылды. Оның есімі «Алау гүл», «Тамшылар», «Есіл ағады», т.б. көптеген әні арқылы өнер тарихында алтын әріппен жазылып қалды.

Әлемді жаулаған індет Ахмедия Есмұхановты да іліп әкетті. Биыл ол 70 жасқа толатын еді...

Жезқазған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әнші-композитор Ахмедия Есмұхановтың 48 әнінің нотасы және мәтіні енген «Тамшылар» атты жинақты жариялады.

Осы кітаптың тұсаукесері Жезқазған жұрт­шы­лы­ғына арналған ән кешіне ұласты.

Кешке жан-жақтан белгілі әншілер келіп, компо­зи­тор­дың әндерін шырқады, естеліктерімен бөлісті.

Марқұмның соңында өнері ғана емес, өнерлі ұрпақтары қалыпты. Қызы Динара Есмұханова-Ибраеваны, немерелері Медина Ахмедия мен Айзере Бауыржанды сахна төрінен көрген көпшілік сүйсіне қол соқты.

Кеш өнердің өміршеңдігін, мәңгілігін көрсетті.

Пікірлер