ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Егер спектакль дейтін болсақ, одан кім не ұтты? Бұдан екі жақ та ештеңе де ұтқан жоқ. Ұтқан тек — Тоқаев. "Ресейдің ішкі шаруасы” деген Тоқаев азды-көпті бедел жинап алған сияқты.

2706
Adyrna.kz Telegram

Араағайындық жасаушы Лукашенконың айтуы бойынша Пригожин келісімге келіп әскерін кері қайтарған. Келісім бүгін күні бойы жүрген. Сәт сайын Путинмен хабарласып отырған. Сөйтіп көтеріліс нәтижесіз аяқталған сияқты.

Ал осы спектакль ме? Меніңше, бұл спектакль емес. Пригожиннің шынымен де Путинді ығыстыру ойы болған сияқты, бірақ өз шамасына қарап жеңіліс табатынын сезген. Расында да 25 мың адам онша көп емес және қарулары да жеткіліксіз. Сондықтан да күні бойы өздеріне қудалау болмайтын шарттар қойып, үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатып, алғашқы позициясына қайтып келген болуы мүмкін. Бірақ мұндайды тым кекшіл Путин кешіре алар ма екен? Белгілі бір уақыт өткеннен кейін Пригожинді өлтіре салу оған бит шаққандай емес пе?

Егер спектакль дейтін болсақ, одан кім не ұтты? Меніңше, бұдан екі жақ та ештеңе де ұтқан жоқ. Ұтқан тек — Тоқаев. "Бұл — Ресейдің ішкі шаруасы, біздің қатысымыз қанша?" - деп көмек беруден бас тартқан Тоқаев х/қ қауымдастық алдында азды-көпті бедел жинап алған сияқты.

 

Қуаныш Еділхантегі

 

 

Пікірлер