“Бұл — Ресейдің ішкі мәселесі”. Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

3095
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/490a4d85-7898-417b-9d9d-1ec6829dbc35.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Телефонмен сөйлесу барысында Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті.
Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі  – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.
Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.
Комментарии