Шымкентте үйінен шығып кеткен 4 жасар бала табылмай жатыр. Бұл туралы _Volontery_shymkent_lider.kz Жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпарат бойынша, 2019 жылы туған Әділет Розахов 23 маусымда 15:00 мен 16:00 аралағында "Алаш" базары маңындағы үйінен шығып кеткен.
Баланың айрықша белгілері: шашы қысқа, арықтау келген, көзі қоңыр түсті. Үстіне кеуде тұсында жазуы бар қызыл-көк түсті футболка, ақ сызығы бар шорты киген. Соңғы рет баланы жасөспірімдермен бірге жүргенде көрген.
Баланы көрген немесе қай жерде екенін білетін азаматтардан 8 777 679 18 24 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.