Twitter әлеуметтік желісінде Илон Маск пен Meta басшысы Марк Цукерберг сөзге келіп қалды. Онда Маскке Цукербергтің Twitter-ге бәсекелес болатын желіні жасап шығарамын деген сөзі ұнамай қалған. Маск соған ашуланып, Meta басшысын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Егер бұл рас болса, мен жекпе-жекке шығуға дайынмын, – деп жазды Маск.
Оған Цукерберг те жылдам жауап беріп, «Қай жерде кездесетінімізді айт?», депті.
Маск жауап ретінде тұрғылықты жерін көрсетіпті.
Лас-Вегас, октагон, – деп жазыпты.
Айта кетсек, Илон Маск бала кезінде каратэ, таэквондо және дзюдомен айналысқан. Цукерберг болса әлі күнге дейін джиу-джитсумен айналысып тұрады екен. Жақында ол күрестің осы түрінен турнирді жеңіп алыпты.