Жетісуым – алтын бесігім

6956
Adyrna.kz Telegram

«Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері Жетісу облысының ұлттық тарихы мен мәдениетін, флорасы мен фаунасын зерттеді.

М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы олардың алғашқы нысаны болды. Мұнда сапардың бір күнінде Жетісу аймағының бүкіл тарихын кесіп өтуге болады.

Текелі қаласындағы Қора шатқалының қақпасындағы "Будда" стелласы экспедициясының жас зерттеушілерін тәнті етті.

Одан әрі жас экспедиторлардың жолы Қора өзенінің оң жағалауында жалғасты, онда зияткерлер флора, фауна және Алатау тауларының пайда болу тарихы бойынша зерттеу материалдарын жинаумен айналысты.

ГЭС1-ГЭС2 гидроэлектростанциясына саяхат балалар үшін өте танымды болды. 9 - сынып оқушылары Карима Мақан жіне Ажар Ардақова Қора, Текелинка өзендерінен ауыз су сынама материалдарын алды. Оқушылар Текелі қаласы суының сапасын, жағдайын зерттеуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар өлкетану-зерттеу экспедициясының қатысушылары кедергілерден өту негіздері бойынша туристік курсты өтті. Туристік көпсайыс сияқты спорт түрімен танысты.

 Бүгін мен үшін ерекше жарыс болды, өйткені ол табиғатта, нақты практика барысында өтті. Қауіпсіздік техникасымен жұмыс жасауды, арқан түйіндерін жасауды, карабиндерді қолдануды үйрендік. Қашықтықтар биіктік пен маршруттың қиындығы жақсы үйлесетін тамаша таңдалған. Көп әсер алдық», – деді Мәди Амангелді сұхбатында.

Бұл ретте экспедиция мүшелері өңірдің әсем табиғатымен, бірегей флора мен фаунамен таныса алды.

Біз экспедиция соңында ғылыми жобалар жазамыз. Менің жобамның тақырыбы – «Жетісудағы туризмді дамыту әлеуеті». Мені әсіресе этноауылдар құру идеясы қызықтырады. Өңіріміздің ерекшеліктері туралы мәліметтер теориялық тұрғыдан талдауға көмектесетін ой қорытуға негіз болды, — деп өз пікірімен 11 - сынып оқушысы Әмір Қайнарбеков бөлісті.

 

Пікірлер