Астанада Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған. Бұл туралы Polisia.kz телеграм-каналына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы болған.
Болжам бойынша ол 7 адамды кепілде ұстап отыр.
Оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ.
Полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізуде.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды және құзыретті органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрайды.