Басков пен Лепс әр жойылған Leopard танктері үшін 1 миллион рубльден беруге дайын

2578
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/f293b907-440c-4412-a355-2b467ed9ee5d.jpeg
Ресейлік әншілер Григорий Лепс пен Николай Басков Украинаға Батыс елдері жағынан берілген танктерді жойған кез келген адамға 1 миллион рубльден төлеуге уәде берді. Бұл туралы олар Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Алғы шептегі жауынгерлеріміздің арқасында кездесіп, пікірлесіп, мақсат-міндеттерімізді белгілейтін осындай форумдарды өткізуге мүмкіндік алдық. Leopard немесе Leopard-2 танктерінің көзін жойғандарға 1 миллион рубльден береміз. Біз Грегоримен бірге жеке үлес қосқан алғашқы адамдардың біріміз»,— деді Басков.
Өнер адамдары бұған дейін Ресей билігінің саясатын қолдайтындарын бірнеше рет айтқан еді.
Комментарии