Жеті баланың анасы. Алматыдағы перинеталдық орталықта үшем дүниеге келді

3621
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы перинеталдық орталықта үшем дүниеге келді. Екі қыз, бір ұлдың ата-анасы қаладағы Алатау ауданының тұрғыны, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

32 жастағы Мейрамгүл Сейілханова (үшемді) екі қыз, бір ұлды кесарь тілігі арқылы босанған.

Перинеталдық орталық дәрігерлерінің айтуынша, балалар жаңа туғанда өте әлсіз болған. Олар екі апта дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін орталықтан үйлеріне шығарылды. Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы. Оларға ата-анасы Амира, Аниса және Айдын деген есімдер берген.

Айта кетейік, үшемді қосқанда Мейрамгүл Сейілханова бүгінде жеті баланың анасы.

Пікірлер