Ли Куан Ю өзінің артына алтынмен апталған зәулім сарайлар мен ескерткіштер қалдырған жоқ - кәсіпкер

3342
Adyrna.kz Telegram
Фото: rbc.ru
Фото: rbc.ru

Сингапурдің бірінші премьер-министрі Ли Куан Ю-ге арналған елінде бірде-бір мұражай және оның ескерткіші жоқ. Бұл туралы кәсіпкер Жұматай Салимов Сингапурге сапарында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айтуынша, қаладан бірде-бір Ли Куан Ю-дің бейнесін кезіктірмейсің. Өйткені, бұл оның қатал талабы екен. 

Ли Куан Ю өзінің артына алтынмен апталған зәулім сарайлар мен ескерткіштер қалдырған жоқ. Ол мықты мемлекетті қалдырды”, деп жазды кәсіпкер. 

Сондай-ақ, кәсіпкер Сингапурде жемқорлықты жойған Ли Куан Ю-дің өмірінің соңына дейін тұрған үйін көрсетті. Ол үйде қазір Ли Куан Ю-дің қызы тұрады екен.

Пікірлер