Атырауда ағайынды жасөспірімдер суға батып кетті

3131
Adyrna.kz Telegram

Атырауда 15 және 16 жастағы ағайынды жасөспірімдер Жайық өзеніне батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне жасөспірімдердің қазасы туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқыс оқиға 13 маусым күні кешке болған.

Ведомствоның мәліметінше, 13 маусым күні кешке қарай Геолог ауылында 2007 және 2008 жылы туған екі жасөспірім Орал өзеніне батып кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Жасөспірімдердің денесі әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайлар департаменті жеткіншектердің жүзуге рұқсат етілмеген жерде шомылғанын айтты.

Пікірлер