Жетісуда 7 жыл ішінде желілер мен құрылғылардың 12% жаңартылады

1472
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысының инженерлік инфрақұрылымындағы негізгі мәселенің бірі «ТАТЭК» АҚ электрмен қамту нысандарының тозуы деңгейінің жоғарылығы – 87%. Тозу деңгейін төмендету үшін қандай шаралар қолға алынып жатқаны туралы бүгін журналистерге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтып берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Электрмен қамту нысандарының тозу деңгейін төмендету үшін акционердің жеке қаражаты есебінен және қолданыстағы тарифті өсіру арқылы инвестиция сомасын арттыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, орташа тариф сағатына бір кВт 26,32 теңгеден 28,46 теңгеге дейін, тұрғындар үшін 19 теңгеден 20,54 теңгеге дейін өседі деп көзделген.

Спикердің айтуынша, 2023 жылы 1,1 млрд. теңге болып өзгеретін инвестиция сомасы 2024 жылдан бастап жылына 1,5 млрд. теңге болмақ Соның нәтижесінде 7 жыл ішінде желілер мен құрылғылардың 12% жаңартылып, тозу деңгейі 15%, яғни 87,2%-дан 72,2%-ға төмендеген.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікірлер