Абай облысындағы қылқан жапырақты орманды шарпыған алапат өртке қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Шытырлап жанған майлы самырсындардың "жан түршігерлік" алапат алауы мен өрт сөндірушілердің айқас аймағындағы амал-әрекеті қалың жұртты бей-жай қалдырмады. Назарларыңызға "пәлекетке айналған өртпен" күресті, өрттің қатты қарқынын және оқиғаның жай-жапсарын бейнелейтін топтама бейне-деректерді ұсынамыз, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қылқан жапырақты ағаштардың алапат өртке оранған видеосын көрген журналист Санжар Керімбай өрт сөндірушілердің қызметіне ерекше құрмет танытады:
- Кәдімгі тозақ оты ғой мынау! Не деген жүрек жұтқан батырлар мынау! Ажалмен бетпе-бет келу деген осы ғой. Мемлекет осындай қаһармандардың арқасында тұр екен ғой, деп жазды журналист.
Назарларыңызға Абай аймағындағы орман өртіне қатысты бейне-деректердің топтамасын ұсынамыз.
"Адырна" ұлттық порталы