Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда жариялады. деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Сапар барысында Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі, делінген хабарламада.