Анкараның зымыран зауытында жарылыс болды. 5 адам қаза тапты

1731
Adyrna.kz Telegram

Түркияда, Анкараның зымыран зауытында, жарылыс болды. Салдарынан бес адамның жан тәсілім еткені хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Зымырандар мен жарылғыш заттар дайындайтын Анкара зауытында жарылыс болып, өрт шықты. Бұл туралы  TRT Haber  мен CNN Türk хабарлады.

Жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты, деп жазады Анадолу агенттігі Түркияның Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандардың барлығы - зауыт қызметкерлері.

Жарылыс болған кәсіпорын қаланың шығыс аймағында, Эльмаш ауданында, орналасқан. Зауытта Түркияның қарулы күштеріне қажетті өнім дайындалып, мемлекеттік тапсырыс орындалады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер