СӘБИТ РЫСБАЕВ: Ерте әлде кеш мұнай қоры таусылары анық. Сол кезде біздің батыс өңіріне баламалы жұмыс орындары қажет.

2337
Adyrna.kz Telegram
Бұл сіңірлік деген әдетті қойсаңшы. Кеше бүгін Астана халықаралық форумы болып жатыр. Мені де көрермен ретінде шақырған. Халықаралық форум болған соң ұятты деп 100 жыл бұрыңғы көйлегімді киіп келгенмін. Сөйтсем 99.99% адамдар костюм шалбар киіп алыпты.
Жақсы тақырыптар қозғалып жатыр. Алдағы уақытта елімізге пайдасы тиетін мәселелер айтылды. Үлкен келісім шарттар жасасып жатыр дегендей. Солардың бірі АЭФ аясында ҚазМұнайГаз бен Италиялық ENI арасында Жаңаөзенде жаңартылған энергия көздерін пайдаланатын гибридті электр станциясын салу жобасын бірлесіп атқару жөнінде келісімге қол қойылыпты. Бұл дегеніміз - 600 уақытша 100 тұрақты жұмыс орны. 300 миллион долларлық жоба. Станса 2025-те аяқталады.
Жалпы, Жаңаөзенге тың кәсіпорынның салынуы ерекше. Өзенмұнайгаздың проблемалары баршаға белгілі. Жұмысқа тұру мәселесінен бөлек, бұл кәсіпорында өндірісте электр энергиясының тапшылығына байланысты өндіріс жиі тұрып қалады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бұл жағдай кесірінен оңдаған миллиард теңге қаражат пайда табылмай кетеді.
Ерте әлде кеш мұнай қоры таусылары анық. Сол кезде біздің батыс өңіріне баламалы жұмыс орындары қажет. Экономиканың басқа салаларын да түрлендіру қажет. Қазірдің өзінде ҚМГ бизнестің жаңа түрлерін игеруде екен. Қазірдің өзінде полиэтилен, полипропилен зауыттарын бастап кетіпті. Негізі мұндай форумдар тек ағылшынша болады. Ағылшынша үйренейік. Айтпақшы сіңірлерден ешкімді көрмедім. Sayasat Nurbek-ті ғана көріп қалдым. Ол кісіге ағылшынша қазақшадан оңай.
Пікірлер