Астана қаласы Полиция департаментінің ЖПҚ ротасының командирі пара беруге жәрдемдесті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері «Ж» азаматы арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге жәрдемдесті деп күдіктенеді.«Ж» азаматы прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған, – делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, 8 маусымда тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.