Ақтау қаласында өткен халықаралық «Caspian Startup-2023» байқауы қорытындыланды

1904
Adyrna.kz Telegram

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Caspian Startup-2023» халықаралықстартаптар байқауының қорытындысы шығарылды.

2023 жылы дәстүрлі байқауға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркменстаннан 200-ден астам жобакеліп түсті. Олардың барлығы табысты стартаптарды құру және ілгерілетуге, сондай-ақстартап мәдениетін қалыптастыруға, инвесторлартартуға, зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған.

Финалдық турға қатысушылар өмір сүрудіжақсартатын IT-стартаптарды ұсынды.

-Биыл бесінші рет өткізіліп отырған байқауғаөтініш білдірген  жобалар санын өткен жылменсалыстырар болсақ екі есе көп. Бұл оқушылардыңғылымға, айти саласына деген қызығушылығының айқын белгісі. Байқауға қатысқан әр жас стартаперден үлкен үміт күтеміз, -деді АқтаудағыЗияткерлік мектеп директоры Ринат Жұмабаев  

Екі іріктеу кезеңнен сүрінбей, ақтық сайысқа жолдама алған ең үздік авторлар бизнес, білім беру, медицина, IT және басқа да сала кәсіпқойларынан іріктелген беделді қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғады.

Байқау нәтижесі бойынша «Skincare AI» жобасы«Caspian Startup-2023» халықаралық байқауында жеңіске жетті. Авторлары Астанадағы NIS IB оқушылары Дармен Аусарбеков, Томирис Ыдырысбаева, Арай Камалиева, Аделия Айтпаева, Амир Жақсылық, Аян Арманұлы.    

Ораз Қайыржан, Нұрсұлтан Зинуллин, Нұрдәулет Базарғали, Махамбет Өтепқали құрған Орал қаласынан келген команда «DEO-1» ауылшаруашылығына арналған көп функциялы дрон жобасын әзірлеп, екінші орынды иеленді.  

Қола жүлдені Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Виктор Кахноның «SeeTheFuture» жобасы мен түркістандық NIS командасының «TauFind» жобасы бөлісті, авторлары Алпамыс Сартай, Диас Асылбек, Әли Пайзхан, Жарқынбек Жайлыбек.  

І орын жеңімпазына 150.000 теңге, ІІ орын 100.000 теңге, ІІІ орын иегеріне 50.000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.

Әлеуметтік жобаларға баса назар аударылғанбайқау қатысушыларына еліміздегі ең үздік жоғарғы оқу орындарының білім гранттары табысталды.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің гранты берілді (аталған әрбір қатысушы үшін грант): Виктор Кахно«SeeTheFuture» (Талдықорған NIS), Александр Цюпай, Сергей Трефилов «Aurea milium» (Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі), «Оqyrman AI» жобасыӘділ Шаяхметов, Әбілмансұр Алимбаев, МансұрСайран, Альмубди Мутайхан, Сұлтанби Исатай (NIS Қарағанды).

Қазақ-Британ техникалық университетінде оқуға мүмкіндік алған қатысушылар: Виктор Кахно«SeeTheFuture» (NIS Талдықорған), Мутайхан Альмубди «Оqyrman AI» NIS Қарағанды (грант жобаға берілді), Амина Асадова «Robobin» (Әзірбайжан, Баку қаласы, ағайынды Новрузовтар атындағы №36 мектеп).

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті: Нұрсұлтан Зинуллин 100% грант (NIS Орал), Раушан Тұрғанбай 75% грант (Қызылорда NIS), Мутайхан Альмубди 50% (Қарағанды NIS).

Сондай-ақ Маңғыстау облыстық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Марал Қадыр «ExoGlove» (Ақтау NIS), «DolphEYE» (Ақтау NIS), «Fingerprintrecognition» (Қызылорда NIS) жобаларына арнайы сыйлығын табыстады.

Qazaqedu.сom онлайн академиясының директоры Дина Фатих Қостанай қаласынан келген «Oñayoqu» жобасы, оралдық оқушылардың «DEO-1» жобасынәр қарай дамытуға көмек беретінін жеткізді.  

Пікірлер